ЖҮЙЕГЕ КІРУ
ОПҚ ТІЗІМІ / ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОР ПОРТФОЛИОСЫ
ВИДЕО НҰСҚАУЛЫҚ
Суреті

ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ:

Абдукаримов Нарыбек Усенович

ҚҰРЫЛЫМЫ / ФАКУЛЬТЕТІ / КАФЕДРАСЫ:

"Спорт және өнер" факультеті
"Бейнелеу өнері"

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ / АТАҒЫ / ЛАУАЗЫМЫ:

Магистр
Ғылыми атағы жоқ

ЖҰМЫС МЕКЕН-ЖАЙЫ:

ЖҰМЫС ТЕЛЕФОНЫ:

+77016195077

КОРПОРАТИВТІ ПОШТАСЫ:

narybek.abdukarimov@ayu.edu.kz

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ / ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

1. Монументалды кешендердің рельефтік шешімдерімен байланысыҚазіргі заман: пікірлер әлемі Философиялық альманах. №3-4 (55-56), 2013жыл -106-111бб 2. Рельефтік туындылардың көркемдік шешімдерімен тарихи маңыздары Қазіргі заман: пікірлер әлемі Философиялық альманах. №3-4 (55-56), 2013жыл -101-105бб 3. Монументалды мүсін өнерінің сәулет өнерімен байланысы «Қазақ философиясы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды оқытудың инновациялық аспектілері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы . 16-17 мамыр 2014 жыл – 3б.

КӨРУ

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2001 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» сурет байқауында 1 орынға ие болды және дойбы шашкада 1 орынды иеленді. Шымкент. 2006 ж. бастап топтық көрмелер мен мастер -классқа және көптеген қалалық, халықаралық және республикалық көрмелерге қатысты. 2011 ж. шығармашыл жастар байқауына қатысып, үздік дипломдық жобаны қолдау «Тамғалы» деп аталатын тиффани техникасындағы көркем витраж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының Грантының иегері болды. Алматы. 2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Тұңғыш Президент Қорының ұйымдастыруымен өтетін жыл сайынғы «Қазақстанның монументалды өнерінің заманауи тенденциялары: «Көркем витраждар мен мозаика» көрмесі. Алматы.


ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2008-2017 ж. бастап монументалды суретші, гобеленші Phd доктор М.Ф. Мұқановтың шеберханасында гобелен тоқу техникасын меңгеріп және интерьер мен экстерьерге арналған монументалды декоративті өнерді орындаумен жұмыс істеді. Алматы қаласы. 2008-2015 ж. монументалды суретші Г.А.Ешкеновтың жетекшілігімен монументалды суретшілер тобының құрамында Қостанай облысы Қарабалық, Алматы облысы, Талдықорған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Астана қалаларындағы орталық мешіттердің интерьерін безендіруге жұмыс жасады. 2009 ж. монументалды суретші Т.Сүлейменовтің жетекшілігімен Түркістан және Алматы қалаларындағы мешіттердің сыртқы безендірудің негізгі орындаушысы. 2010-2011 ж. Жоба авторлары Ешкенова Г.А. жетекшілігімен Жамхан А.Ж, Мұқанов М.Ф. Сүлейменов М.Ш. монументалды суретшілер тобының мүшесі ретінде Алматы метросының «Абай», «Райымбек», «Алатау», «М.Әуезов атындағы Театр» станцияларының интерьеріне арналған монументалды декоративті паннолардың мозаика техникасында безендіру және «Алмалы» станциясының көркем витражды терезелерін орындаудағы басты суретшісі болып жұмыс жасады. 2010 ж. авторлар Жамхан А.Ж, Мұқанов М.Ф., Сүлейменов М.Ш. Астанадағы «Қазақстан темір жолы» бас кеңсесінің конференция залының интерьерінде монументалды -декоративті гобелендер (диптих). Бір бөлікті тоқылған гобелен көлемі 3x12 м. 2 дана гобелен. 2012 ж. монументалды суретшілер тобының мүшесі ретінде Астанадағы «Хазрет Сұлтан» мешітінің интерьерін безендірілуіне жұмыс жасады. 2013 ж. жоба авторлары Жамхан А.Ж, Мұқанов М.Ф. Қазақстан Республикасы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» интерьерін безендіру үшін «Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен ғылымы» монументалды -декоративті гобелен сериясы. 2013 ж. монументалды суретшілер авторлары Жамхан А.Ж., Мұқанов М.Ф. жетекшлігімен Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ -дің интерьерін безендіруге арналған монументалды декоративті гобелен сериясы. Алматы қаласы. 2014 ж. монументалды суретшілер авторлары Жамхан А.Ж, Мұқанов М.Ф. жетекшлігімен Астанадағы «Самұрық-Қазына» АҚ бас кеңсесі интерьерін безендіруге арналған монументалды декоративті гобелен сериясын орындаған суретшілер тобының құрамында жұмыс жасады. 2015 ж. монументалды суретшілер авторлары Жамхан А.Ж, Мұқанов М.Ф. жетекшлігімен «Олжа» және «Алатау» монументалды декоративті гобелен сериясы. «Олжа» АҚ бас кеңсесінің интерьері Алматы қ. 2015 ж. монументалды суретшілер авторлары Жамхан А.Ж жетекшілігімен ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мерейтойына арналған «Шежіре» көркем монументалды -декоративті гобелені. Шпалера техникасы. 2016 ж. монументалды суретшілер авторлары Жамхан А.Ж, Мұқанов М.Ф. ҚР Ұлттық музей тапсырысы бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» сериясындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» көркем монументалды -декоративті гобелені. Астана қ. 2016 ж. монументалды суретшілер авторлары Жамхан А.Ж, Мұқанов және Калачева А. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бас кеңсесі үшін «Скифтердің Алтын дәуірі» көркем монументалды сәндік гобелені. Алматы. 2017-2019 ж. бастап суретші ҚР СО мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Е.Төлепбайдың ұйымдастырушы көмекшісі. 2018 ж. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Е.Төлепбай жетекшілігімен «ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың» скульптуралық портреті. Авторлары А.В.Балашов ЧСХ СССР и Россия, М. Г. Баймуханов ЧСХ Россия, С. М. Бодяков ЧСХ Россия, К. Сураншиев ҚР СОМ. Қола. ҚР Ұлттық музейінің атриумына орнатылған. Нұр-Сұлтан қаласы. 2019 ж. автордың жетекшілігімен ҚР СОМ мүсінші, авторы Қ.Сураншиев жетекшілігімен академик У.Сұлтанғазиннің портрет бюсті ескерткішінің сәулетшісі. Қола. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ауласына орнатылған. Қостанай қаласы. 2020-2021 ж. Түркістан қаласы әкімдігінің "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" "Түркістан урбанистика орталығы". 2021 ж. бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Спорт және Бейнелеу өнер» факультеті, «Бейнелеу өнер» кафедрасы магистр оқытушы.


БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:

2021 жылдың 25-ші қазаны мен 06 қарашасы аралығында 72 сағат көлеміндегі " Инклюзивті білім беру және үдерісті ұйымдастыру " тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсы. Сертификат.


2021 жылдың 08 қарашасы мен 20 қарашасы аралығында 72 сағат көлеміндегі " Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау " тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсы. Сертификат.


21 жылдың 22-ші қараша мен 04 желтоқсан аралығында 72 сағат көлеміндегі «Бейнелеу және сән өнері бойынша білім берудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы. Сертификат.