ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Сенатының 2017 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен (№6 хаттама) университеттің 25 жылдық мерекелік медальімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетіндегі диссертациялық кеңестің 1999 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№13 хаттама) 14.00.07 – Гигиена және 03.00.04 – Биохимия мамандықтары бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым Қоры» АҚ, 2018 жылға арналған ғылыми және ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға бағытталған конкурс бойынша «Производство специализированного пищевого продукта диабетического питания «Инуллакт-Фито» атты жоба «МҒТСҰО» АҚ «Өмір туралы ғылым және денсаулық» ғылым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2018 жылғы 01 қарашадағы №12 мәжілісі отырысының шешіміне сәйкес конкурс жеңімпазы атанды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының 5570/ГФ4 «Разработка технологии, исследование и создание нового кисломолочного биопрепарата на основе шубата в сочетании с лекарственными экстрактами» атты ғылыми жобаның жетекшісі ретінде жеңімпазы;
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті Ғылыми кеңесінің 2012 жылғы 07 қарашадағы (№2 хаттама) шешімімен университеттің профессоры ғылыми атағы берілді;
2010 жылы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы ОД 53.28.01 Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылғы 26 маусымдағы шешімімен (№5 хаттама) 14.00.07 – Гигиена мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы шешімімен (№9 хаттама) биология мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді
Ғылыми – педагогикалық еңбегінің нәтижесінде 115 ғылыми-әдістемелік еңбектері отандық және шетелдік (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Индия, Канада, Жапония, Бразилия) Web of Science базасындағы басылымдарда жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомоствасы шешімімен өнертабысқа берілген 5 – патент, 1 – авторлық куәлік, 6 тиімді ұсыныс куәліктері, 5 – оқу-әдістемелік құралдары мен 040500 – «Фармация» мамандығы бойынша биологиялық химия пәнінен ҚР БжҒМ типтік оқу бағдарламасының, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мекемесінің «Специализированный пищевой продукт диабетического питания «Инуллaкт-Фито» атты Ұйым стандартының СТ У 990440008043-01-2017 және 2 монографияның авторы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 05 желтоқсандағы №1030 бұйрығы бойынша «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Жетекшілігімен ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен берілген 2 кандидаттық диссертация мен 6М110100-Медицина мамандығы бойынша 3 магистрлік диссертация қорғалып, ғылыми жоба шеңберінде Медицина мамандығының магистранттары мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ 6D070100- «Биотехнология» мамандығы бойынша PhD-докторантына жетекшілік етуде
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі конкурсына қатысқаны үшін, Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы аккредиттеу туралы Серия МК №003180 Куәлігі берілді;
2022 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы 6D070100 - «Биотехнология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің және ҚР БжҒМ-нің 24.02.2022 жылғы №64 бұйрығына сәйкес «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшесі.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
1990-1995 жылдары ҚР ДСМ «Гигиена және кәсіби аурулар» ғылыми-зерттеу институты Шымкент бөлімінің ғылыми қызметкері;
1995-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясы Орталық ғылыми-зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкері, биохимия кафедрасының ассистенті
1996-1999 жылдары ОҚММА биохимия кафедрасының ассистенті;
1999-2009 жылдары аталған кафедраның аға оқытушысы, доцент м.а., доцент қызметтері мен қатар Химия-фармацевтика факультетінің деканы;
2009-2010 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу-клиникалық базасы оқу бөлімінің бастығы, фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының профессор м.а.;
2010-2012 жылдары Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің оқу ісі жөніндегі вице-президенті, ректоры, биология кафедрасының профессоры
2012-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры, биология және дене шынықтыру кафедрасының профессоры
2013-2017 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедарсының профессоры, Медициналық ғылыми - зерттеу институтының директоры;
2017-2018 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институтының директоры, клиникалық пәндер кафедрасының профессоры;
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Жалпы хирургия» кафедрасының профессоры,
БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:
2019 жылы "Фармакологияның өзекті сұрақтары" циклы бойынша 108 сағат көлемінде Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығында біліктілігін арттырды
"Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынща сабақ беру және бағалау" тақырыбы бойынша 2020жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Үздіксіз және қашықтықтан оқыту орталығында72 сағат көлемінде біліктілігін арттырды..
2018жылы" Медицина қызметкерлерін оқыту бойынша Қазақстан Республикасы аймақтық оқу орталығында" "Клиникалық фармакология" мамандығы бойынша 864 сағат көлемінде қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырды.
24.10.2020- 08.01.2021 жыл аралығында «Ахмет Ясауи университетінде басылым белсенділігі мен ғылыми мақалалар жазу сапасын арттыру» (Akhmet Yssawi University- Research Webinar series «Повышение показателей публикационной активности и улучшение качества написания научных статей Университета Ахмеда Ясави») атты бірқатар вебинарларға қатысып, біліктілігін арттырды.