ЖҮЙЕГЕ КІРУ
ОПҚ ТІЗІМІ / ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОР ПОРТФОЛИОСЫ
ВИДЕО НҰСҚАУЛЫҚ
Суреті

ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ:

Елеуов Сауранбек Еркенбекулы

ҚҰРЫЛЫМЫ / ФАКУЛЬТЕТІ / КАФЕДРАСЫ:

"Спорт және өнер" факультеті
"Орындаушылық өнер"

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ / АТАҒЫ / ЛАУАЗЫМЫ:

Ғылым кандидаты
Доцент

ЖҰМЫС МЕКЕН-ЖАЙЫ:

ЖҰМЫС ТЕЛЕФОНЫ:

КОРПОРАТИВТІ ПОШТАСЫ:

sauranbek.eleuov@ayu.edu.kz

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ / ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

Айдында жүзген аққулар «Жастық шақ әуендері» жинағы Алматы 09.09.1996ж. «Өнер» баспасы әндер жинағы

КӨРУ

1. «Сыр әуендері» ән жинағы Қызылорда 1991 ж. Түркістан 2000 ж. Алматы 2006 ж. Түркістан 2006ж. Алматы 2005ж. Қазақ әдебиеті 1993ж. №6 Республикалық педагогикалық журнал 4/2007 жыл, «Бесік жыры» «Хабаршы» ғылыми журнал 1(66/қаңтар-ақпан 2009ж.) «Хабаршы» ғылыми журнал 3(68/қыркүйек-қазан 2009ж.) «Түркістан нұры»-әдеби, мәдени, тарихи-танымдылық журнал 3/2009 ж. 142-144 бет YESEVI Түркия Республикасы Sayi 185, Yil 16 Mays 2009 5 TL 2. «Түркістан» ән жинағы 3. «Ақерке-әнім» жинағы 4. «Түркістан» әні 5. «Сыр сұлуы» 6. «Армысыздар адамдар» 7. Бала мен балабақша» 8. «Қазақстан музыка мәдениеті және халық әні» 9. «Манап Көкеновтың шығармашылығы туралы» 10. «Қажыбек Бекбосынов шығармашылығы» 11. «Абақты ғұмыр»

КӨРУ

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

1985 жылы Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты,


1985 жылы Ұлы отан соғысына 40 жыл қарсаңында «Бүкілодақтық халық шығармашылық лауреат» медалымен,


1987 жылы Октябрь Революциясына 70 жыл қарсаңында «Бүкілодақтық халық шығармашылық лауреат» медалымен,


1990 Қаз ССР халық шаруашылығының жетістіктер көрмесінің медалымен,


1992 ж. 1992 ж. Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық өнер байқауының тұңғыш лауреаты, атындағы Республикалық өнер байқауының тұңғыш лауреаты,


1994 ж. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты,


2000 жылы Афион қаласының құрметті азаматы,


2005 жылы ҚР-ның мәдениет қайраткері атағы, 2007 ж. Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі.



2007 ж. Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі.


2008 жылы «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының лауреаты атағы берілді.


2011 жылы Қазақстан Театр Қайраткері Одағының мүшесі болды.


2014 жылы Қызылорда облысының әкімдігімен «Түрксой» халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» дәстүрлі музыкалық өнер фестивальінде орындаушылық өнердің үздік жетістіктің жеңімпазы атанды.


2010 жылы Қызылорда обылысына 70 жыл медалымен мараппаталды,


2015 Кеңес одағының батыры, генерал, Сабыр Рахимов медалымен,


2015 Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалымен,


2016Ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» медалімен марапатталады.


2017«Нәзір Төреқулов» Халқаралық қоры төреалқасының №015 есімімен ерен еңбегі үшін марапатталады.


2018 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының құрметті азаматы атағымен марапатталды.


2020ж «Дүние таланттары Одағының мүшесі» куәлігімен марапатталды.


2021ж«Дүние таланттары Одағының мүшесі» Абай медалінің иегері атағымен марапатталды.


2021ж «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30» жыл мерекелік медалімен наградталды


"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында өткізілген "Шығармашылық мамандық педагогтардың кәсіби дайындығы: ізденістер


"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында өткізілген "Шығармашылық мамандық педагогтардың кәсіби дайындығы: ізденістер, үрдістері және болашақта күтілетін нәтижелер" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін


2018жылы Сіз ауданымыздың әлеуметтік артуына, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосып, мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін Жаңақорған ауданының Құрмет Грамотасымен марапатталады.


Алғыс хат2019ж Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ өзге ұлттардың салт-дәстүрімен жақын таныса отырып тілдер мерекесінің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған "Ұлтым-өзге, тілім-бір" мерекелік іс-шарасындағы белсенділігі үшін Алғыс хатымен марапатталады


Сертификат 2018ж "Ғажайып әуен әлемі" композиторлардың облыстық семинар-кеңесте "Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары мен ән мәтінінің маңыздылығы" тақырыбында баяндама оқып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталады.


2018ж Сертификат Қазақ тілінің мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларының, оқулықтардың авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Даулетбекова өткізген " Білім берудің заманауи тенденциялары мен парадигмалары. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері: дәстүр мен жаңашылдық" тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына (72 сағат) қатысқаны үшін берілді. Тірке №62


Облысы мұғалімдері арасындағы " Өнерлі ұстаз-2018" өнер байқауында қазылар алқасына төрағалық жасауда аса жоғары жауапкершілікпен жұмыс жасап, кәсібилік пен белсенділік танытқаны үшін марапатталады.


ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

Сауранбек Елеуов 1955 жылы 10 мамырда Жаңақорған, Түркістан ауданы аумағындағы көне қаланың орны - ескі Сауранның іргесінде дүниеге келген. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түркістан совхозындағы №240 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірген соң ол 1979 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы педагогикалық-мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстары факультетін бітірген. Ол 1979-1986 жылдары Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің әдіскері, 1986-1990 жылдары Жаңақорған қонысындағы мәдениет және демалыс паркінің директоры, 1991-1995 жылдары Сұлтанбек Қожанов атындағы «Арман» мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды. 1995 жылдан Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде қызмет істейді. 2006 жылдан ХҚТУ Мәдениет орталығы директор орынбасары. 2011жылдан Спорт және өнер факультеті «Актерлық өнер» кафедрасының меңгерушісі. Жас кезінен халық сазгерлерінің әндері мен термелерін домбырада, баянда шебер орындайтын Сауранбек халық ақыны Манап Көкенов жетекшілік еткен «Дала жұлдыздары» атты халықтық мәдени –үгіт бригадасының белсенді мүшесі бола жүріп, Республикалық байқауларда мәдени-үгіт бригадасының үш дүркін лауреаты болды. Алғашқы әндерін сексенінші жылдардың басынан бастап жаза бастаған Сауранбек қазір 80-нен астам әннің авторы. Оның көптеген әндері республыкалық газет-журналдарда, мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрді. «Апатайым анашым», «Бесік жыры», «Жұлдызым», «Айналайын», «Армысыңдар адамдар», «Туған жер», «Айдында жүзген аққулар», «Қаракөзім», «Гүлбаһор», «Әке даусы», «Ғанидың жұлдызы», «Домбыра сазы», «Түркістан», тағы басқа да әндері қазақ радиосы мен теледидарында жиі орындалып жүр. Бір топ әндері Алматыда басылған «Ауыл кеші көңілді», «Жастық шақ әуендері», «Әнім сен едің» әндер жинағына енсе, енді топ әндері нотасымен және автордың қысқаша өмір жолы мен суретін берген «Сыр әуендері» /1991/, «Айдында жүзген аққулар» /1996/ атты «Түркістан» /2000/ кітаптары шықты. «Апатайым - анашым» /2010/, «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйренудің әдістемесі» /2010/ Сауранбек әндерінің өзіндік үнділігі мен саздылығына өкілетті кеңестің төрағасы Н.К.Зейбек, академик М.Жұрынов, профессор С.Пірәлиев, Л. Ташимов қазақтың белгілі сазгерлері Мыңжасар Маңғытаев, Кеңес Дүйсекеев, Темір Тайбеков, Бексұлтан Байкенжеев, филология ғалымдарының докторы, профессор, академик Рахманқұл Бердібаев, Құлбек Ергөбек, Жұмабай Әбілов, ақын-жазушылар Қуандық Шаңғытбаев, Жолтай Алмашов, Марфуға Айтқожина, Зейнеп Ахметова, Тұтқабай Иманбеков, Жандарбек Мәлібеков (Ел таңба авторы), Манап Көкенов, Әселхан Қалыбекова, Адырбек Сопыбеков, Нұрмахан Назаров, Қаныбек Сарыбаев, Елтай Бимағанбетов жоғары баға берген-ді. Ол 1993 жылы қыркүйек айында Алматының орталық концерт залында өз шығармаларынан концерт берді. Сауранбектің біраз әндерін Қазақстанның халық әртісі Зейнеп Қойшыбаева мен Нұрғали Нүсіпжанов, танымал әнші Бибажар Махамбетова, Ұлықпан Жолдасов, Мадина Ералиева, Ақбота Керімбековалар орындаса, кейінгі буындар: А.Ботақараев, Ә.Қарпықбай, Молдияр Ергөбеков, Гүлмира Баймуратова, Ләззат Байырбекова, Бақытжан Мұстафаев, Нұржан Халжанов, Ерболат – Жазира, «Аршат» топтары орындады. Сазгер-әнші Сауранбек Елеуов Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының екі дүркін лауреаты, Республыкалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен Жас сазгерлер байқауының жүлдегері, кезінде СССР, КазССР Композиторлар Одағының Дипломымен марапатталған, Республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Алтын медаліне ие болған. Сондай-ақ ол Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық өнер байқауының тұңғыш жүлдегері /1992/. 1989-1994 жылы Жаңақорған аудандық халық депутаттарының депутаты, 1994 жылы Халық депутатына қайта сайланған. 1999 жылы 26-қараша 2000 жылдың 7-қаңтар аралығында Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларында Университет көркем өнерпаздарын басқарып барып, 22 концерттік бағдарламасын көрсетті. Туркия мемлекетінің Афион қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Сазгер-әнші Сауранбек Елеуовке жеке шығармашылық саласы бойынша әндер циклі және өнерпаздық шығармашылықты дамытқаны үшін 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағының сыйлығы атағы берілді. Сазгер С.Елеуовтың осы бағыттағы қызметі алдағы уақыттарда дами беретініне сенім мол. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік Университетінің ұжымы ұсынған С.Елеуовтың бүгінгі ұрпақты ұлттық салт-дәстүрімізді жаңа әнмен қастерлеуге үйретудегі, парасаттылық пен инабаттылыққа баулудағы сіңірген елеулі қызметін бағалай отырып, Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігімен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі деген құрметті атаққа ие болды /2005/. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан халықтар Достығы университеті Ғылыми кеңесінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№9 хаттама) Елеуов Сауранбек Еркінбекұлына университеттің ДОЦЕНТІ ғылыми атағы берілді. 2011 жылы Қазақстан Театр Қайраткері Одағының мүшесі болды. 2014 жылы Қызылорда облысының әкімдігімен «Түрксой» халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» дәстүрлі музыкалық өнер фестивальінде орындаушылық өнердің үздік жетістіктің жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған V Республикалық «Елім Менің» патриоттық әндер байқауының Лауреаты атанды /2008/. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№6 хаттама) Елеуов Сауранбек Еркінбекұлына өнертану мамандығы бойынша ДОЦЕНТ ғылыми атағы берілді.


БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:

Сертификат Елбасының"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына байланысты "Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту" атты Өнер бағыттары бойынша Жоғары оқу орындары мен колледждерде заманауи оқытудың интербелсенді әдістері мен формаларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курсына 2020 жылдың 09-18 қазан аралығында қатысқаны үшін беріледі және төмендегі курс мазмұнын игергендігін (72 сағ) растайды.