ЖЕТІСТІКТЕРІ:
3. 2009 жылы ЖОО-лар арасында Абай атындағы сыйлықтың жүлдесі үшін педагогикалық мамандықтар бойынша өткізілген студенттердің Республикалық конкурсында «Гран-при» жеңімпазы орнын және 1-дәрежелі дипломын иеленген.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті студенттердің XVIII ғылыми-теориялық конференциясында «Ақпараттық технологиялар» секция бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталған.
4. 2010 жылы өткен студенттер арасында жыл сайын өтетін Республикалық конкурсында ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2011 жылы Студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының 1-ші кезеңінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша студенті ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталған. Университетте спорт саласында 1-ші дәрежелі шахматшы.
5. Т.Қ.Қойшиеваның ғылыми-педагогикалық еңбектері ескеріліп университет Президентінің алғыс хаттарымен, атап айтқанда, Университетіміздегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылым және тәрбие саласындағы елеулі еңбектері мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Университеттің оқу тәрбие жұмыстарындағы озық жетістіктері мен университеттің Халықаралық деңгейде дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз төс белгісімен наградталды.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
1. Еңбек жолын ОҚО, Төрткүл орта мектебінде оқытушылық қызметінен бастады.
2. 1979-2006 жж. Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «Информатика және есептеуіш» кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарған.
3. 1986-1991 жж. Өзбекстан Академиясының физика-техникалық институтында зерттеуші, сосын аспирантураның күндізгі бөлімін бітірген.
4. 1996 жылы 05.15.08 – «Преобразование возобновляемых видов энергии и установки на их основе» мамандығы бойынша «Неустановивщиеся тепло-гидравлические процессы в системах солнечного горячего водоснабжения с плоскими коллекторами» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
5. 2007 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Информатика және сандық әдістер» кафедрасының доцент қызметінде, сонымен қатар «Ақпараттық технологиялар және инженерлік» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы болды.
6. 2011жылдан бері «Процестерді компьютерлі-математикалық моделдеу және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келді,сонымен қатар сенат мүшесі болды
7. 2014жылдан бастап компьютерлік инженерия кафедрасының доценті.