ЖҮЙЕГЕ КІРУ
ОПҚ ТІЗІМІ / ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОР ПОРТФОЛИОСЫ
ВИДЕО НҰСҚАУЛЫҚ
Суреті

ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ:

Ажаев Совет Ажаевич

ҚҰРЫЛЫМЫ / ФАКУЛЬТЕТІ / КАФЕДРАСЫ:

Медицина факультеті (Түркістан)
"Адам морфологиясы және физиологиясы"

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ / АТАҒЫ / ЛАУАЗЫМЫ:

Ғылым кандидаты
Доцент

ЖҰМЫС МЕКЕН-ЖАЙЫ:

ЖҰМЫС ТЕЛЕФОНЫ:

КОРПОРАТИВТІ ПОШТАСЫ:

Ajaev.Sovet @ayu.edu.kz

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ / ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

Түркістан қаласы жоғарғы сынып оқушылары ӨТС

КӨРУ

Совершенствование преподавание гистологии студентам-медикам на практических занятиях в условиях дистанционного обучения

КӨРУ

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2006 ж. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Сенатының шешімімен Университет профессоры ғылыми атағы берілді. 2011 ж. - Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2013 ж. – Университетіміздің «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен марапатталды. 2016 ж. - «Ахмет Ясауи университеті 25 жылдығы» төс белгісімен марапатталды. 2018 ж. - ҚР жоғары оқу орындарының Ректорлар кеңесінің А. Байтұрсынов атындағы күміс төсбелгісімен марапатталды. Кентау және Түркістан қ.қ. әкімдерінің мақтау грамоталарымен марапатталды.


ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

1970 ж. - Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1971-1974 жж. - КСРО МҒА Медициналық генетика ғылыми-зерттеу институтының (Москва қ.) аспирантурасын өтіп, 1974 ж. медициналық генетика мамандығы бойынша ғылым кандидаты дәрежесіне ие болған тұңғыш қазақстандық жас ғалым болды. 1974-1991 жж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының медициналық биология және генетика кафедрасында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін аткарды. 1991-1993 жж. – Ана мен бала денсаулығын сақтау Республикалық ғылыми-зерттеу институтының (Алматы қ.) медициналық генетика лабораториясының аға ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1993-і жылдан бастап, осы күндерге дейін – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде қызмет етеді (кафедра доценті, меңгерушісі, Шығыс медицина факультетінің деканы болды, қазіргі таңда - кафедра доценті). Химиялық (дәрі-дәрмектер, өндірістік ластаушы заттар) және радиациялық факторлардың (Семей полигоны маңы аймақтары) адамның тұқым қуалаушылық аппаратына мутагендік әсерін бағалау және медициналық жоғары білім беру саласының мәселелеріне арналған 60-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен "Гистология. І-бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы" және "Гистология. II-бөлім: Жалпы гистология" оқулықтарының авторы. Бұл оқулықтар Қазақстанның барлық медицина университеттерінің студенттері колданады. Қазіргі таңда Гистология-2 (жеке гистология) пәні бойынша оқулығын жазу үстінде. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Сенаты бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде студенттердің оқу процесінде қолдануына арналған 8 оқу құралы жарық көрді.


БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:


АжаевС.А.Біліктілік арттырған жылы, орны, мамандығы: Соңғы -: Қаз ҰМУ, 2.10.06ж. Гистология пәнінен доценттер циклі,(оның алдында - АқММА, Алматы, Ленинград, Москва,Новосибирск). 2010ж. ХҚТУ Кентау институты педагогикалық біліктілік жетілдіру курсы. 2012ж. Туркия Республикасындағы Хадже-Тепе университетіне біліктілік арттыру және түрік тілін игеруге 1 айлық мерзімге барып сертификат алып қайтты. 2018ж. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасты. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті. 2018ж.Медициналық білім берудегі тиімді оқыту мен ғылыми зерттеулер, ХҚТУ. Қашықтан оқыту бағдарламасы бойынша.Қашықтан оқыту ДОТ бағдарламасы.2020ж.