ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
1999 жылдан 2001 жылға дейін Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті емханасының дәрігер-хирургы болып жұмыс істеді.
2001 жылдан бастап ОҚММА жедел хирургия және топографиялық анатомия курсымен жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының дәрігер-зертханашысы және Шымкент қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының №1 хирургиялық бөлімшесінің дәрігер-хирург-ординаторы болып жұмыс істеді.
2004 жылы ОҚММА жанындағы "Хирургия" мамандығы бойынша клиникалық ординатураға түсті. 2006 жылы клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді.
2020 жылдан бастап хирургия және анестезиология- реанимация кафедрасының меңгерушісі
БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:
"Кеуде және іш қуысы органдарының хирургиясы"
"Құрсақ қуысы ағзаларының хирургиясы", Шымкент, 17.06.2008
"Эндовидеоскопиялық хирургия", Астана, 2007 ж.
"IV Халықаралық Жастар медициналық конгресі", "жарақат процесін жіктеу туралы", Санкт-Петербург, 2011 ж.
"Ғылыми зерттеу әдістеріне кіріспе", "вебинарлар арқылы қашықтықтан оқыту", 12.06.2012 ж.
"Клиникада инновациялық технологияларды қолдану", 11.03.2012 ж.
"Құрсақ қуысы ағзаларының хирургиясы", Шымкент, 23.07.2018 ж.