ЖЕТІСТІКТЕРІ:
2021ж. маусым Шымкент қаласы, Түркістан облысының бас консулы және Шымкент қаласы Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы, Шымкент қаласы әкімінің ассамблея жөніндегі орынбасары Л.Асановтан " Медицина қызметкерлері" күніне орай алғыс хатпен марапатталдым.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2002-2004 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің "Терапия" мамандығы бойынша клиникалық ординатура өттім.
2005-2009 жж. ОҚМА "Факультеттік терапия және ішкі аурулар пропедевтикасы" кафедрасында оқытушы қызметін атқардым.
2009 ж. бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент кампусы, жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің Терапия кафедрасында оқытушы қызметін атқарудамын.
БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Медициналық білім беру департаментінің Медициналық білім беру бойынша үздіксіз кәсіби даму секторында 2014ж.03.03 - 15.03 аралығында "Медициналық білім және ғылым ұйымдарының оқытушысы" мамандығы бойынша МЖО орнында тиімді оқыту, МЖО орнында бағалау және экспертиза жасау циклында біліктілігімді арттырдым.
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған " Клиникалық хирургияның күрделі сұрақтары.Аппендэктомиядан трансплантацияға дейін" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда біліктілігімді арттырдым.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институты жанында 2017 ж.15.05 - 27.05 аралығында "Терапия" мамандығы бойынша "Терапияның таңдаулы сұрақтары" циклы бойынша біліктілігімді арттырдым.
30 қараша 2018 жылы өткен ІІ Республикалық конгресте "Клиникалық тәжірибедегі рационалды антибиотикотерапия" атты циклда біліктілігімді арттырдым.
"Кәсіптік дамудың халықаралық орталығы" жанында 2019 ж. 01.04 - 13.04 аралығында Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология) мамандығы бойынша Госпиталға дейінгі және кезеңдегі терапияның диагностикасы мен емінің заманауи көзқарасы циклы бойынша біліктілігімді арттырдым.
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Үздіксіз және қашықтықтан білім беру орталығында 18.11 - 29.11.2019ж. аралығында "Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары" тақырыбында біліклілігімді арттырдым.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Үздіксіз және қашықтықтан білім беру орталығында "Инклюзивті білім беру" тақырыбы бойынша 06.10 - 19.10.2020ж. аралығында біліктілігімді арттырдым.