ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ / ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
2008 жылы Қазақстан Республикасы халқының денсулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Казақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 2016 жылы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды. 2019 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. 2020 жылы "Құрмет" орденімен наградталды.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы 1964 жылы қазан айының 24жұлдызында, Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келді. 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, еңбек жолын 1988 жылы Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен бастады.1988 -1991 жыл Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері, 1991-1997 жылы Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары, 1997 жылы Қызылорда темір жол ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жылы Қызылорда Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары, 1999-2000 жылы Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2000 - 2004 жылы Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансер бас дәрігері қызметін атқарды. 2004 жылдың мамыр айынан бастап облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дәрігерінің қызметін аткарып. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры болып қайта тағайындалды. Осы уақыт аралығында облыс бойынша туберкулезге қарсы күрес мекемелері дәрігерлерінің білімін жетілдірумен қатар өз білімінде бірнеше рет арттырып келеді. Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетінің экономика факультетін сырттай окып, 2006 жылы экономист бакалавр мамандығын косымша игерді. «Арал өңірінің апат аймағындағы ауыл тұрғындары денсаулығының медициналық-ұйымдастыру аспектілері» 14.00.33 -қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау, такырыбына ғылыми еңбек жазып, 25 желтоқсан 2007 жылы кандидаттық дессертацияны корғап шықты. 23 сәуір 2008 жылы медицина ғылымдарының кандидаты дипломын иемденді.
БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУІ:
"Ересектер мен балалардың көп дәріге төзімді туберкулезінің менеджменті" 13.08.-25.08.2018 ж 54 сағат
"Выявление и диагностика внелегочного туберкулеза в сети ПМСП" 19.04.-21.04.2021 г 26 часов
"Инклюзивті білм беру" 08.04.-21.04.2021 ж 72 сағат
"Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау" 01.03.-15.03.2021 ж 72 сағат
"Фтизиатрияның өзекті сұрақтары" 07.04.-30.04.2014 ж 216 сағат